Мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру платформасы
Құрметті платформа пайдаланушылары!
Сіздің балаңыздың ваучер алуға кезекте тұрғанын растау үшін 2025 жылдың ақпан айының соңына дейін уақытыңыз бар екенін еске саламыз.
Ол үшін «Менің балаларым» бөліміне өтіп, «Кезек бойынша деректер» батырмасын басыңыз және ашылатын терезеде «Кезекті растау» батырмасын басыңыз.
2025 жылдың 1 наурызында барлық расталмаған кезек автоматты түрде жойылады және оларды қалпына келтіру мүмкін емес.
Құрметті платформа пайдаланушылары!
Платформаға қатысты барлық техникалық сұрақтарды support@artsport.kz электрондық поштасына жіберу керек екенін ескеріңіз. Хабарласу кезінде хаттың тақырыбын, хабарлама мәтінін толтыруды, сондай-ақ ата - ана/заңды өкіл жеке куәлігінің көшірмесін және баланың туу туралы куәлігін қоса жүктеуді ұмытпаңыз. Барлық сұрауларыңыз алдын ала автоматты түрде өңделеді және бастапқы сүзгіден өткеннен кейін ғана олар операторларға түседі. Сондықтан, дұрыс рәсімделмеген және құжаттар жүктелмеген сұрауларды қарау мүмкін болмайды. Қарастыру мерзімі 5 жұмыс күніне дейін.